Коучинг сессиясының жоспары

Опубликовано: 11.10.2018

Подробности Опубликовано: 16 Ноябрь 2014 Создано: 08 Ноябрь 2014

Сейдалина Нуржамал Заркимовна,

Қостанай облысы Рудный қаласындағы

Дм. Карбышев атындағы №14 орта

мектептің қазақ тілі мұғалімі.

  Коучинг сессиясы бойынша сабақ жоспары.

 

Коучингтің тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету дегеніміз не?

Мақсаты:

Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдісінің білім берудегі ең тиімді әдіс екенін түсіндіру. Сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын сабақтарда тиімді қолданудың жолдарын үйретіп, бағыт-бағдар беру.

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта ұтымды қолдануға үйренеді. Жұмыс жасау тәжірибелеріне өзгерістер енгізіп, практикалық іскерліктерін қалыптастырады.

Түйінді идеялар:

Сын тұрғысынан ойлаудың стратегиялары – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, тіл үйрету үдерісіндегі ең тиімді тәсіл. Тәжірибеге оқытудың жаңа әдістерін енгізу арқылы білім сапасының жоғарылауына ықпал ете алады.

Жаттығулар:

Кіріспе:

«Жаңа заманның мұғалімі қандай болуы керек?» - постер жасап, қорғау. Мақсаты: педагогтардың жаңа заман мұғалімінің қандай болуы керектігі жайлы ой-пікірлерін білу. Өздерін жаңа заман мұғалімі қатарына жатқыза ала ма? – Ой шақыру. «Біз осындай (постерге жазғандағыдай) мұғалім бола алып жүрміз бе? Ендеше неге біздің оқушыларымыздың көпшілігі оқуға салғырт қарайды, ынта-ықыластары төмен, қалай ойлайсыңдар?» Мақсаты: мектептегі осы өзекті мәселе жайында ойландырып,проблеманы анықтай білуге үйрету. «Көбелек» бейнежазбасын ұсыну. Мақсаты: мұғалімдерді өз іс-әрекетіне сын көзімен қарауға итермелеу және өздерінің қай тұста қателік жасап жүргендеріне көздерін жеткізу. «Көбелек» бейнежазбасының мазмұнын талқылау. Мақсаты: проблемадан қорытынды шығарып, дұрыс шешім қабылдауға үйрету,білім беру мен оқыту үдерісіне деген көзқарастарын өзгерту.

Негізгі бөлім:

Оқушының оқуға деген ынтасын оятып, қызықтыру үшін не істеу керек? – Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік. Білу. Сын тұрғысынан ойлаудың үш кезеңі туралы түсінік: «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой қозғау». Түсіну. Әр кезеңнің стратегияларымен таныстырып, оларды сабақтың қай кезеңінде ұтымды пайдалануға болатынын түсіндіру. Қолдану. Сабақ жоспарын құру: «Дене мүшелері. Жеке бас гигиенасы». Талдау. Жоғарыдағы тақырып бойынша мұғалімдердің және өзім құрған сабақ жоспарларын салыстырып, талдау арқылы ең тиімдісін таңдап алу. Жинақтау. Сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын пайдалану арқылы түрлі тапсырмалар құрастыру.

Қорытынды:

Бағалау: «Жаңа заманның мұғалімі қандай болуы керек?» – қорытындылап, шешім шығару. Постер құрастырып, сабақтың басында құрастырған постермен салыстыру. Өзгеріс бар ма? (Мұғалімдердің ойы міндетті түрде өзгереді). Кері байланыс. Өтілген сабақтан алған әсерлерін білу үшін мұғалімдерге бағалау парақтарын ұсынып, ой- пікірлерін, ұсыныстарын жазуды өтіну.

 

 

rss