ҚМЖ практикалық сабақ 10 сынып "Сандық және мәтінді есептерді шығару "

Опубликовано: 11.10.2018

Физика пәні жаратылыстану бағыты ҚМЖ 10 сынып

Тлебаева Куляш Алдабергеновна

физика пәнінің мұғалімі Ғ. Жұмабаев атындындағы Боровской орта мектебі Сабақтың тақырыбы Практикалық жұмыс №2. Сандық және мәтіндік есептерді шығару. Мақсаты Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, оқушылардың алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру. Жұмыс нәтижесі Қозғалыстың түрлеріне есептер шығарып, талдау жасайды Сілтеме Оқулық: Физика және астрономия. Оқулық авторлары: Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева Атамұра 2012ж Қолданылған әдістері мен тәсілдері Топтық, жұптық және жеке жұмыс; Диалогты оқыту: зерттеушілік Сыни ойлау әдістері Ресурстар Слайд, қозғалыс түрлері бар суреттер Сабақ жоспары 1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, 2 мин, үй жұмысын тексеру 4 мин 2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша, 35 мин Рефлексия, 5 мин. Алдарындағы стикерлеріне, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, жұмыс барысында қандай көліктің түрі ұнағаны туралы өз ойларын білдіреді. Тақтаға іледі. Параметр Ойлау деңгей-лері Мақсаты Мұғалімнің іс-әрекеті Нәтиже (Оқушы іс-әрекеті) Индикатор Түрткі (ашық сұрақтар, деңгейлік тапсырма, жағдаят) Бағалау Қалып-тасты-рушы Критерийлер Дескриптор Ұпай Білу Түсіну 6 минут Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың формулалары мен теңдеулеріне есептер шығара білу Қозғалыстың түріне есептер шығарады Үй тапсырмасын тексеру Топқа бөлу «Физикалық лото» әдісі. Оқушыларға 2 тапсырмадан жазылған үлестірме карточкалар беріледі. Жауаптарына қарай топқа бөлінеді. (Үлестірген тапсырмалардың жауаптары бірыңғай шыққан топ болып, екі топқа бөлінеді) Тапсырмаларын орындап болған соң, сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне анықтату 1 слайд Оқушыларға бағалау парақтары үлестірелді (2 слайд) Жеке –дара Есептерге талдау жүргізу Есепті толық шығарды 2 Қолдану 5 минут Қозғалыстың түрлерін ажырата білу. Негізгі ұғымдарды сипаттайтын теңдеулерін жазу Қозғалыстың түрін сипаттап айта алады Постер қорғау. Оқушыларға топтық тапсырма беру. Тақтада екі топқа сурет беріледі. Сипаттама беріп, формулаларын қорытыңдар І топ: Қозғалыстың қандай түрлері келтірілген? ІІ топ: Негізгі ұғымды сипаттайтын формулаларын жазыңдыр? (3 және 4 слайд) Топтық бағалау «2 жұлдыз 1 ұсыныс» Физикалық құбылыстарды ажырату Сипаттау, негізгі ұғымдарды ажырату 2 Талдау 5 минут Қозғалыс теңдеуіне сипаттама беру Теңдеулерге сипаттама береді Екі топқа екі түрлі теңдеу беріледі. Сипаттау қажет? 5 слайд Топтық бағалау Теңдеуге сипаттама беру Сипаттама береді 2 Жинақтау 10 минут Кинематиканың негізгі ұғымдарын түсіндіру Негізгі ұғымдарды түсінеді Дарынды және үлгерімі төмен балармен бірігіп жұмыстандыру «Өз жұбыңды тап» әдісі Оқушыларға жұп карточкалар ұсынылады: біреуінде сұрақтар, екіншісінде жауаптарға арналған тірек сөздер. Содан кейін сұрақтардың жауаптарын іздеп, бірге отырып жұмыс жасайды. Көлбеу науадан домалаған шарик 1 секундта 10 см жол жүрсе, 3 секундта қанша жол жүреді? Поезд жолдың бірінші ширегін 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы орташа жылдамдық 40 км/сағ. Жолдың қалған бөлігіндегі поездың жылдамдығы неге тең? 180 м биіктіктегі тікұшақтан жүк тасталды. Егер тікұшақ 3 м/с жылдамдықпен жоғары көтеріліп бара жатса, жүктің жерге түсу уақыты қандай? Еркін түскен денені ң 4 с-тан кейінгі жылдамдығы (g=10 м/с2) Бірін-бірі бағалау Есептер шығару Анықтай алады 3 Бағалау Графиктік есептер шығарту Графиктік есептер шығара алады. Графикалық есептер шығару Оқушыларға 5 графикалық есеп беріледі. (7-12 слайд) Жеке жұмыстанып, бағалау парақтарын толтырады. Өзін-өзі бағалау Сұрақтарға жазбаша жауап беру Жауаптары толық Жауаптары толық емес Жауап бере алмады 5 2,5 0 Үйге тапсырма §1- §2, 1-тапсырма жазбаша Сабақ басталған соң ынтымақтастықта жұмыстану үшін оқушылар бір-біріне жағымды тілектер айтты. Бүгінгі сабақтағы жұмысымызға сәттілік тілеп, оқушыларға үлестірме карточкалар тараттым. Блумның ойлау деңгейлерінің білу, түсіну деңгейіне үй тапсырмасын тексеру үшін, «Физикалық лото» әдісімен 2 есептен берілді. Есепті шығарған соң жауаптары тақтадан көрсетілді. Есеп жауаптары 1-ге тең болғандары І топқа, 2-ге тең болғандары ІІ топқа отырып, топтық жұмыс жүргізілді. Сыныпта 8 оқушы. Төменде берілген тапсырмалар көрсетілген. №1. Тыныштық қалпынан 0,6 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль, қанша уақыт ішінде 0,3 м жол жүреді? №2 Үдеудің өлшем бірлігі? №3. Поезд станциядан қозғалып бара жатыр. Ол тұрақты 2 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 1 с уақыт ішінде қандай жол жүреді? №4. Жылдамдықтың өлшем бірлігі? №5. Автомобиль бірқалыпты үдемелі қозғала отырып, 5 с уақыт ішінде жылдамдығы 10 м/с-тан 15 м/с-қа дейін өзгереді. Автомобильдің үдеуі неге тең? №6. Бұрыштық жылдамдықтың формуласын жаз. №7. Радиусы 0,1 м доңғалақ 10 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Доңғалақтың құрсауындағы нүктелердің сызықтық жылдамдығын табу керек? №8. Центрге тартқыш үдеудің формуласын жаз? №9. Бұрылу кезінде вагон модулі бойынша тұрақты 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Егер жолдың қисықтық радиусы 50 м болса, оның центрге тартқыш үдеуі неге тең? №10. Бірқалыпты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың формуласы №11. Жылдамдық υ=10 – 4t теңдеуімен берілген. 2 с уақыт өткеннен кейін жылдамдық неге тең болады? №12. Бірқалыпты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың формуласы №13. Нүкте шеңбер бойымен 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Центрге тартқыш үдеуі 2м/с2 –қа тең. Шеңбердің радиусын анықтаңдар? №14. Жылдамдық υ=2 – 4t теңдеуімен берілген. Бастапқы жылдамдық неге тең? №15. Тыныштық күйінде 1 м/с2 үдеумен қозғала бастаған велосипедші 2 с ішінде қанша жол жүреді? №16. Орын ауыстыру S=2t – 4t2 теңдеуімен берілген. Бастапқы жылдамдық неге тең? Қолдану деңгейінде топ мүшелеріне тақтадан екі түрлі сурет көрсетілді. Сол суретке сипаттама беріп, формулаларын жазып, постерлерін қорғады. Топ мүшелері ойларын ашық білдірді. Формулаларына дәлелдемелер келтірді. Екі топ мүшелері толық жұмыстанды. Өздері бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір ұсыныспен» бағалау жүргізді. «Өз жұбыңды тап» әдісімен тапсырмалар ұсынылды. Алдын ала үлгерімі төмен оқушыларға жауаптары, жақсы оқитын оқушыларға сұрақтар таратылды. Сәйкестендіру арқылы, бірігіп деңгейлік есептер шығарды. Тақырыпты меңгере алмаған оқушылар бір-біріне түсіндіріп, толық түсінуге мүмкіндік алды. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама Үдеу сипаттайды Еркін түсу үдеуі неге тең? g = 9,8 м/с2 немесе 10 м/с2 Бастапқы жылдамдығы υ 0 = 0-ге тең болғандағы орын ауыстырудың формуласы S =at2/2 Шеңбер бойымен қозғалыс кезінде жылдамдық қалай бағытталады? Траекторияға жанама бағытталады Сабақ барысында сәтсіз және сәтті шыққан тұстары: оқушылар бағалау деңгейінде берілген PISA тапсырмаларына ойланып жауап беруге әркет жасады. Дей тұрғанмен оқушылар сыни ойланатындай проблемалық сұрақтарға жауап беруде терең ойлануды қажет ететінін түсінді. Оқушылардың ішінде берілген уақытты ұтымды игере алмағандары болды. Графикалық тест тпапсырмаларын толық меңгере алмағандарын кері байланыс күнделіктеріне жазып қалдырды. Келесі сабақта графикалық тесттер дайындауым қажет. Бағалау критерийлері № Оқушының аты-жөні Үй тапсыр-масы 1 ұпай «Өз жұбыңды тап» әдісі Графикалық есеп Барлық ұпай саны 1 есеп 1 ұпай 2 есеп 2 ұпай 3 есеп 2 ұпай 1 есеп 1 ұпай 2 есеп 2 ұпай 3 есеп 2 ұпай 4 есеп 2 ұпай 5 есеп 3 ұпай Барлық ұпайлар 14-15 ұпай, өте жақсы көрсеткіш 12-13 ұпай, жақсы көрсеткіш 10-11 ұпай орташа көрсеткіш 9 ұпай төмен көрсеткіш 

rss