Сынып жетекшілер сайысы

Опубликовано: 11.10.2018

Рахилина Алия Жагипаровна

бастауыш сынып мұғалімі Қостанай қаласы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Чапаев негізгі мектебі» ММ   Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  

Сынып: 3   

Ең үздік сынып жетекшісі сайысы   Представление класса   Голос за кадром  Ерте, ерте, ертеде Қонай деген ауылда Әдемі  үйшік   тұр екен. Сол үйшікке Әлия апай келеді.   Сын. Жет.   Бұл үйшікте кім тұрады?   Голос за кадром Зәулім үйде дыбыс жоқ, Кіріп ішін жинады, Гүлдер егіп, сәндеді. Кенет күзгі мезгілде Есік қағып  біреу келді.   Үздік оқушылар: Бұл үйшікте кім тұрады? Жарқын, әдемі үйшікте кім тұрады екен?   Сын. Жет.   Бұл мен сынып жетекші  –Әлия апай. Ал сендер кімсіңдер?   Үздік оқушылар:   (Алдияр, Анель, Фарангиз,) Біз,үздік оқушылар, Жалықпаймыз оқуда, Терең білім аламыз. Сізбен бірге тұруға бола ма?   Сын. Жет.   Мен ақылды балаларды жақсы көремін. Келіңдер, төрлетіңдер, Бірге тату тұрамыз.   Голос за кадром Олар бірге өмір сүре бастады, Қуаныштарын бірге бөлісті. Көп ұзамай кенеттен Тағы біреулер келеді.     Өнерлі балалар:   (Айша, Жанель, Гульмира) Бұл үйшікте кім тұрады? Жарқын, зәулім үйшікте кім тұрады екен?Үздік оқушылар: Біз ақылды балалар, Бізбен бірге Әлия апай тұрады Ал сендер кімсіңдер?  Өнерлі балалар: Біз өнерлі балалар Талай би  мен өлеңді Жақсы үйреніп алғанбыз. Сізбен бірге тұруға бола ма?   Сын. Жет Әрине келіңдер, Бәрін әнге үйретіңдер.    Голос за кадром Олар бірге өмір сүре бастады, Қуаныштарын бірге бөлісті. Көп ұзамай кенеттен Тағы біреулер келеді.   Спортшылар:  (Улан,  Даулет, Сабина) Бұл үйшікте кім тұрады? Жарқын, көңілді үйшікте кім тұрады екен?   Өнерлі балалар: Біз ақылды балалар, Біз  өнерлі балалар. Бізбен бірге Әлия апай тұрады. Ал сендер кімсіңдер?   Спортшылар: Батыл бала- жас ұлан- Бойда күшім тасыған- Спортшы баламын-Сіздерді қорғаймын Бірге тұрсақ не болар?   Сын. Жет Кіріңдер, қысылма. Үлкен, тату жанұя –   Бәрі бірге:  Жұп жазбастан жүреміз, Біздің сынып – мақтаулы. Біздің сынып – әдепті. Біздің сынып осындай.   Танец «Достарым»  Представление учителя   Голос за кадром:  Жұлдыз –әнші  Жұлдыз –биші, Айнала Жұлдыздар көп.- Тек мектепте жұлдыздар жоқ. Бұл неліктен солай болды? Алайда, меткепте де дарынды әнші, керемет биші, Тамаша  музыкантшылар болады. Мүмкін жұлдыздар тек сахнада ғана  жанады? Ал мектеп жұлдыздары, Баланың жүрегіне жылулық береді.   Звучит музыка из кинофильма «Усатый нянь» 1 бала : Балалар, сендер білесіңдер ме? Ең үздік сынып жетекшісі атты сайыс жарияланды? 2 бала: Оған біздің де сынып жетекшіміз де  қатысуы керек. 3бала: Әлия апайды  қалай таныстыруымыз керегін ойлану керек. 4бала:Оның несіне ойланамыз. Тек қандай болғанын армандағанымызды есімізге түсірсек болды. 5бала: Мейірімді болсын! 6 бала: Оның бір ерекшелігі болу керек! 7бала: Менде біршама ұсақ-түйектер бар,соны қарайықшы. 8бала:Жүрек! 9бала: Мейірімді болады. 1бала: Кітап! 2бала; Оқымысты болады екен! 3бала: Медаль! 4бала: Спорсмен болады! 5бала: Ал мынау не? 6бала: Бұл ми ғой!  Онсыз болмайды, әрине! 7бала: Дұрыс! Білімді, ақылды болады!   8бала: Біздің сынып жетекшіміз керемет болып шықты ғой! Спорласады: сұлу, ақылды, мейірімді, сымбатты, супер стар!  Сиқыршы: Бұл не шу?  Бұл дауды доғару керек. Кәне  үздік сынып жетекшілерің  қандай  болғанан қалайсыңдар?   Ақылды, көрікті, сымбатты, қатаңдау, жаңашыл, фигурасы да әдемі болу керек.  Нағыз ұстаз. Крибли-крабли – бумс! Қандай болып шықты екен?   Балалар: Білеміз, бұл біздің білімді, салмақты, мейірімді сынып жетекшіміз - Әлия апай.   Мұғалім:  Қазір міне ұстазбын шәкірт сүйген, Шәкірттерге білімнің нәрін түйген. Кішкентай  бүлдіршіндер  бар жетегімде, Бастауыш сыныптарда сабақ  берем.   Исполнение песни под музыку «Мария Магдалена» Мектепке жетелеген oxoxo Жулдыздай жанған eдің oxoxo Білім бұлақ көзін oxoxo Өзіңсің ашқан. Жeтeлeп aлғa мeні oxoxo Тұрaтын жoлдaр eді oxoxo Мeн үшін eң әдeмі Өзіңсің апай Айяй ай чип чип чип Чип чип чип Ахаа чип чип чип Чип чип чип Біздің апай ең үздің.   Білімнің кәусар бұлағын охохо, Жүресің құйып бізге охохо Біз үшін мұғалімсің охохо Ұстаз да, ғалым да. Үнемі бізге өзің охохо Екінші анам болдың  oxoxо Жүрeктің бoлғaн eмі oxoxo Өзіңсің  апай   Айяй ай чип чип чип Чип чип чип Ахаа чип чип чип Чип чип чип Біздің апай ең үздің.   Представление  3 (ата-аналармен бірге) Аңшы қасқырды аңшылықта қуып жүреді. Қасқыр: Өлтірмеші мені!   Мен саған сый беремін.   Анау ағашта   сиқырлы алма өсіп тұр.  Соны ал. Аңшы: Маған оның керегі жоқ. Ханға берейін.   -  Менде ханға сыйлығым бар. Уәзір:   Алманы   маған сатшы. Хан:  жақсы  нәрсе екен Уәзір:   Ғажап айна әкелсін. Қасқыр: неге уайымдап жүрсің? Аңшы:  Ғажап айнаны табу керек Қасқыр: Айна ағаштың түбінде Аңшы:  Шынымен ғажап екен Уәзір:   Алманы   маған сатшы. Хан:  Міне ғаламат! Уәзір:  (ханның құлағына сыбырлайды) Хан: Ғажайып елде бір мұғалім бар. Өзі білімді, балаларды жақсы көреді. Қызықты сабақтар өткізеді. Үнемі балалардың ата-анарымен сыйласа біледі. Сыпайы, кішіпейілді, еңбекқор.  Қызықты көп әңгімелер біледі екен.  Қасқыр: неге уайымдап жүрсің? Аңшы:  Ғажайып елде бір ару бар. Өзі білімді, балаларды жақсы көреді. Қызықты сабақтар өткізеді. Үнемі балалардың ата-анарымен сыйласа біледі. Сыпайы, кішіпейілді.  Қызықты көп әңгімелер біледі екен.   Қасқыр: Уйымдама, мен саған көмектесемін. Іздеп жүрген адамың менмін. Аңшы:  Қандай керемет! Мұндай мұғалімдіханға апарғанша, біздің  балаларды білімге тартсың, балаларды  өзінің білгегене үйретсін.      Ата-аналар және оқушылармен бірге флеш – моб.

rss